НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 20-туры ойыны аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін аталған турдың екінші ойын күнінде «Шахтер» «Жетісуды» 3:1 есебімен жеңсе, «Ордабасы» «Қайратты», «Тобыл» «Каспийді» 2:1 есебімен тізе бүктірді. Ал «Ақтөбе» мен «Тараз» 0:0 есебіне қанағат білдірді.
Бұл турдың алғашқы күнінде «Қызылжар» «Қайсардан» 2:0 есебімен басым түскен еді. Одан кейін өз алаңында «Ақжайық» «Астанадан» 0:1 есебімен жеңілсе, «Атырау» мен «Тұран» командалары 2:2 есебімен тең түсті.
Осы турдан кейін 45 ұпаймен «Тобыл» көш басында тұр. Одан кейінгі орындардағы «Астананың» 44, «Қайраттың» 37 ұпайы бар.
Енді келесі тур ойындары 18 қыркүйек күні өткізіледі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.