НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он екінші туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ойындар 18 және 19 мамыр күндеріне белгіленген. Алғашқы күні үш, одан кейін төрт кездесу өткізіледі.
Аталған турдың шымылдығы 18 мамырда елорда уақытымен 18.00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Ақжайық» (Орал) командалары кездесуімен ашылады. Одан кейін 19.00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Ақтөбе» (Алматы), 21.00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Астана» (Нұр-Сұлтан) командалары шеберлік байқасады.
Ал 15 мамырда 18.00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Тараз» бен «Жетісу» (Талдықорған) командалары жасыл алаңға шығады. Аталған турды 20.00-де «Атырау» мен «Ордабасы», «Тобыл» (Қостанай) мен «Қызылжар» (Петропавл) кездесулері түйіндейді.
Естеріңізге сала кетелік, он бірінші турдан кейін 29 ұпаймен «Астана» көш бастап келеді. Одан кейінгі орындардағы «Тобылдың» 22, «Ақжайықтың» 18 ұпайы бар.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.