НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он төртінші туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ойындар 28 және 29 мамыр күндеріне белгіленген. Алғашқы күні үш жұп кездессе, екінші күнінде төрт матч өтеді.
Аталған турдың шымылдығы 28 мамырда елорда уақытымен 17.00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Тараз» командалары кездесуімен ашылады. Одан кейін 19.00-де «Қайрат» (Алматы) мен «Қайсар» (Қызылорда), 20.00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Жетісу» (Талдықорған) кездесулерімен жалғасады.
Ал 29 мамырда 18.00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Каспий» (Ақтау) мен «Астана» (Нұр-Сұлтан) болады. Аталған турды 20.00-де «Атырау» мен «Ақжайық» (Орал), «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақтөбе» ойындары түйіндейді.
Он үшінші турдан кейін 33 ұпаймен «Астана» көш бастап келеді. Одан кейінгі орындардағы «Тобылдың» 28, «Қайраттың» 21 ұпайы бар.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.