НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 20-турының алғашқы ойыны аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
Петропавлда жергілікті «Қызылжар» Аталған турдың шымылдығын «Қызылжар» (Петропавл) мен «Қайсар» (Қызылорда) командалары ашты. Кездесу барысында петропавлдық клуб сапынан Әлібек Қасым мен Тимур Мульдинов соққан екі гол ойын тағдырын шешті. Осылайша алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Енді аталған турда бүгін «Атырау» мен «Тұран» (Түркістан), «Ақжайық» (Орал) пен «Астана» (Нұр-Сұлтан) жасыл алаңға шығады.
Ал 12 қыркүйекте «Шахтер» (Қарағанды) мен «Жетісу» (Талдықорған), «Ақтөбе» мен «Тараз», «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қайрат» (Алматы) жасыл алаңға шығады.
Аталған турды «Тобыл» (Қостанай) мен «Каспий» ((Ақтау) кездесуі түйіндейді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.