НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 28 сәуірде футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің cегізінші турының алғашқы ойыны аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Үздік үштікте келе жатқан Қостанайдың «Тобылы» ойламаған жерден сырт алаңда Ақтаудың «Каспий» клубына 1:2 есебімен есе жіберді.
Бірінші кезеңде ақтаулық клуб сапынан Давид Караев 31-минутта есеп ашқан еді. Одан кейін әріптесі Никола Цуцкич 72-минутта есепті үстемелей түсті. Оған 95-минутта «Тобыл» сапынан Оралхан Өміртаев бір голмен жауапп қайырды.
Дәл қазір елордада «Астана» мен Оралдың «Ақжайығы» арасындағы кездесудің бірінші кезеңі өтіп жатыр. Әзірге алаң иелері 1:0 есебімен басым түсуде.
Сондай-ақ, бүгін «Тараз» бен «Ақтөбе», «Тұран» (Түркістан) мен «Атырау» арасында кездеседі.
Ал 29 сәуірде «Жетісу» (Талдықорған) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Қайрат» (Алматы) пен «Ордабасы» (Шымкент), «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қызылжар» (Петропавл) командалары шеберлік байқасады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.