НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 23-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ойындар екі күнге белгіленген. Алдымен 2 қазанда төрт кездесу өткізілсе, 3 қазанда үш ойын болады.
Аталған тур шымылдығы 15.00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Астана» (Нұр-Сұлтан) кездесуімен ашылады.
Одан кейін 17.00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Ордабасы» командалары жалғастырса, 19.00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Шахтер» (Қарағанды), 20.00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ақтөбе» жасыл алаңға шығады.
Ал 3 қазанда 16.00-де «Тараз» бен «Тобыл» (Қостанай), 17.00-де «Қайрат» (Алматы) мен «Қызылжар» (Петропавл), 19:00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Шахтер» (Қарағанды) шеберлік байқасады.
22-тур нәтижесі бойынша 50 ұпаймен «Астана» көш басында келе жатса, одан кейінгі орындардағы «Тобылдың» - 49, «Қайраттың» - 41 ұпайы бар.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.