Астаналық клуб құрамында Дмитрий Шомко, Таңат Нөсербаев, Фокси Кетевоама және Бауыржан Жолшиев гол авторлары болды.
Он турдан кейін «Астана» 18 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орынға жайғасты. Ал «Ақтөбе» 20 ұпаймен көш бастап келеді, екінші орында алматылық «Қайрат» командасы келеді.
Оныншы турдың қалған ойындарының нәтижесі мынадай: «Ақтөбе» - «Ертіс» 2:1, Шахтер-«Атырау» 0:1, «Тараз» - «Оқжетпес» 1:1, «Ордабасы» - «Жетісу» - 0:0, «Қайсар» - «Қайрат» - 0:0.