Бұл жеңіс «Қайрат» футбол клубын турнир кестесінің бірінші сатысына көтерді.
01:50, 07 Шілде 2014
Футболдан Қазақстан чемпионы «Қайраттан» оңбай ұтылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шілденің 3-і күні Еуропа лигасы аясында албаниялық «Кукеси» клубын жеңіп жігерленген алматылық «Қайрат» Қазақстан чемпионатының 19-шы турында 6 шілде күні «Ақтөбені» қабылдады. Орталық стадионда өрбіген тартысты дода 7:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.