Футболдан Қазақстан кубогы биыл Қызылордада өтеді
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан кубогының финалы биыл Қызылорданың жаңа стадионында өтеді.
Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясының кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.
Қазірге дейін аталған турнирдің 1/4 финалдық кезеңіне жеткен командалар анықталды. Енді 14 мамырда «Жеңіс» (Астана) пен «Астана», «Тұран» (Түркістан) мен «Тобыл» (Қостанай), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қайрат» (Алматы), «Қызылжар» (Петропавл) мен «Елімай» (Семей) командалары кездеседі.
Биыл Қазақстан кубогына Премьер-лига, бірінші және екінші лигадан барлығы 30 команда қатысты. Алдымен бірінші және екінші лига командалары алғашқы іріктеу кезеңін өткізді. Олардың арасынан іркілмей шыққан екі клуб 1/8 финалда Премьер-лига командалары қатарына қосылды.
Жеңімпаз 2026 жылы Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.
Айта кетесек, 2024 жылы «Ақтөбе» Қазақстан кубогының иегері атанды.