АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогін қай телеарнаның көрсететіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Биыл аталған турнирде «Астана» және «Ордабасы» командалары шеберлік байқасады. Кездесу 25 ақпанда елорда уақытымен 15:00-де «Астана-Арена» стадионында жалауын көтереді.
Аталған кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Биылғы суперкубок ойыны өз тарихында 16-мәрте өткізілмек. Қазірге дейін ол еліміздің Алматы («Орталық»), Астана («Астана Арена»), Қостанай («Тобыл Арена») және Түркістан («Түркістан-Арена») қалаларында болды.
Бұған дейін суперкубокке барлығы алты команда қол жеткізді. Қазірге дейін кубокті «Астана» - 5, «Ақтөбе» - 3, «Қайрат» пен «Тобыл» - 2, «Шахтер», «Ордабасы» мен «Елімай» - 1 мәртеден еншіледі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.