Футболдан Қазақстан кубогында «Тобыл» мен «Ақтөбе» жеңіске жетті
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалдың алғашқы ойындары өткізілді.
Алғашқы кездесу «Тобыл» мен «Атырау» жасыл алаңға шықты.
Ойын барысында қостанайлық клуб тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Нәтижесінде олардың қатарынан Ахмед Эль-Мессауди 40-минутта есеп ашса, 85-минутта Жасұлан Жұмашев есепті үстемелей түсті.
Осылайша «Тобыл» қарсыласын 2:0 есебімен сүріндірді.
Дәл осындай есеппен «Ақтөбе» өз алаңында «Елімайды» жеңді.
Кездесу барысында ақтөбелік клуб бірінші кезеңде екі гол соғып кетті. Оны Дорни Ромеро 25,
Максим Самородов 33-минутта өздерінің еншісіне жазды.
Жартылай финалдың қарымта ойындары 19 маусымда өткізіледі. Финал 29 қыркүйекке белгіленген.
Бүгінге дейін «Қайрат» 9 мәрте кубокты төбесіне көтерді.
Ал, «Жеңіс» (Астана) мен «Астана» — 3, «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ордабасы» (Шымкент) — 2, «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды), «Восток» (Өскемен), «Ақтөбе», «Алматы», «Тобыл» (Қостанай), «Достық» (Алматы), «Елімай» (Семей) — 1 мәртеден кубок иегері атанды.