Алғашқы кездесу «Тобыл» мен «Атырау» жасыл алаңға шықты.
Ойын барысында қостанайлық клуб тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Нәтижесінде олардың қатарынан Ахмед Эль-Мессауди 40-минутта есеп ашса, 85-минутта Жасұлан Жұмашев есепті үстемелей түсті.
Осылайша «Тобыл» қарсыласын 2:0 есебімен сүріндірді.
Дәл осындай есеппен «Ақтөбе» өз алаңында «Елімайды» жеңді.
Кездесу барысында ақтөбелік клуб бірінші кезеңде екі гол соғып кетті. Оны Дорни Ромеро 25,
Максим Самородов 33-минутта өздерінің еншісіне жазды.
Жартылай финалдың қарымта ойындары 19 маусымда өткізіледі. Финал 29 қыркүйекке белгіленген.
Бүгінге дейін «Қайрат» 9 мәрте кубокты төбесіне көтерді.
Ал, «Жеңіс» (Астана) мен «Астана» — 3, «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ордабасы» (Шымкент) — 2, «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды), «Восток» (Өскемен), «Ақтөбе», «Алматы», «Тобыл» (Қостанай), «Достық» (Алматы), «Елімай» (Семей) — 1 мәртеден кубок иегері атанды.