АСТАНА. KAZINFORM - 14 мамырда футболдан Қазақстан кубогының ширек финал ойындары өтеді.
Жарыстың аталған сатысында 18:00-де «Жеңіс» (Астана) пен «Астана», «Тұран» (Түркістан) мен «Тобыл» (Қостанай), 20:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қайрат» (Алматы), «Қызылжар» (Петропавл) мен «Елімай» (Семей) командалары кездеседі.
Биыл Қазақстан кубогына Премьер-лига, бірінші және екінші лигадан барлығы 30 команда қатысты. Алдымен бірінші және екінші лига командалары алғашқы іріктеу кезеңін өткізді.
Олардың арасынан іркілмей шыққан екі клуб 1/8 финалда Премьер-лига командалары қатарына қосылды.
Жеңімпаз 2026 жылы Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.
Айта кетесек, 2024 жылы «Ақтөбе» Қазақстан кубогының иегері атанды.
Финал биыл Қызылорданың жаңа стадионында өткізіледі деп жоспарланып отыр.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.