Екінші ойын күнінде төрт кездесу өткізілді. А тобында Шымкентте «Ордабасы» Қарағандының «Шахтерін» 1:0 есебімен тізе бүктірді. Ойын тағдырын шешкен жалғыз голды 89-минутта Абдуллай Диакате пенальтиден соқты. Бұл топта кеше «Қызылжар» (Петропавл) мен СДЮСШОР №8 (Нұр-Сұлтан) 1:1 есебі тіркелді.
В тобында «Атырау» мен «Мақтарал» 2:2 есебімен тең түсті. Ойын барысында мақтаралдық Ерболат Рүстемов 19, 28-минуттарда мергендік танытса, оған атыраулық клуб сапынан Жиан Мартинс 35, Петр Гжельчак 42-минутта қос голмен жауап қайырды. Аталған топта кеше «Тобыл» сырт алаңда «Тараздың» 3:1 есебімен осал тұсын тапты.
Ал С тобында Оралдың «Ақжайығы» сырт алаңда «Ақтөбені» 2:0 есебімен жеңді. Ал бұл топта «Қайсар» мен «Астана» 0:0 есебіне қанағат білдірді.
Д тобында «Каспий» (Ақтау) өз алаңында «Тұран» (Түркістан) командасынан 4:0 есебімен басым түсті. Ойын барысында алаң иелері сапынан Руслан Мингазов 26, 34-минуттарда гол соқса, Рамазан Каримов 42, Бекзат Қабылан 80-минуттарда есепті үстемелей түсті. Осы топтағы Алматының «Қайраты» сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісуын» 1:0 есебімен тізе бүктірді.
Енді топтық кезеңнің екінші туры 16, 17, 18 шілде күндері өткізіледі.