НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогының финалы 28 қарашада елордада өтеді, деп хабарлайды қазАқпаарт тілшісі.
Финалда Алматының «Қайрат» мен Қаарғандының «Шахтері» кездеседі.
Жартылай финалда «Қайрат» «Астананы» , «Шахтер» «Тобылды» орта жолда қалдырып кетті.
Айта кетсек, Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінге дейін «Қайрат» 9 мәрте кубокты төбесіне көтерді. Ал «Шахтер» 2013 жылы бір мәрте жеңімпаз тұғырынан көрінді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Астана» футбол командасына жаңа бас бапкер тағайындалған болатын.
Бұл қызметке сербиялық маман Срджан Благоевич келді.
Сербиялық маман елордалық клубпен екі жылға келісімшартқа қол қойды. Ол бұған дейін екі жыл қатарынан Ақтаудың «Каспий» командасына жетекшілік жасады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.