АСТАНА. ҚазАқпарат – Футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалына шыққан екі команда белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жартылай финалдың алғашқы екі жолдамасына «Ордабасы» мен «Астана» қол жеткізді.
Жарыстың аталған сатысындағы алғашы кездесуде «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ордабасы» (Шымкент) жасыл алаңға шықты..
Ойын барысында петропавлдық клуб 1:0 есебімен жеңіске жетті. Екі команда арасындағы бірінші ойында «Ордабасы» 2:0 есебімен басым түсті.
Ал, «Тұран» (Түркістан) мен «Астана» кездесуінде 1:1 есебі тіркелді.
Алғашқы ойында елордалық клуб 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.
Дәл қазір «Шахтер» (Қарағанды) мен «Тобыл» (Қостанай), «Атырау» мен «Қайрат» (Алматы) ойындары өтіп жатыр. Әзірге есеп – 0:0.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.