НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан кубогы ширек финалына шыққан командалар құрамы толықтай белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
А тобында Петропавлдың «Қызылжары» Қарағандының «Шахтерімен» кездесті. Кездесу барысында петропавлдық клуб қарсыласын 8:1 есебімен жеңді.
Турнир кестесінде алғашқы екі орынға «Қызылжар» мен «Шахтер» ие болып, ширек финалға жолдама алды.
Ширек финалда «Тараз» бен «Шахтер», «Қайрат» пен «Қайсар», «Астана» мен «Каспий», «Қызылжар» мен «Тобыл» жұп құрады.
Ширек финал 21, 22 тамыз күндеріне белгіленсе, қарымта кездесу 22 қыркүйекке жоспарланған.
Жарыстың 1/4 және 1/2 финалдық сатыларында командалар екі ойыннан өткізеді. Финал 28 қараша күні болады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан кубогы ширек финалына алты команда шыққанын хабарлаған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.