АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалының алғашқы ойынында «Астана» елордада «Ордабасыдан» басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.
Ойын тағдырын шешкен голды 73-минутта «Астана» сапынан Игор Иванович соқты.
Енді жарыстың аталған сатысында 21.00-де «Тобыл» мен «Атырау» командалары кездеседі.
Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетсек, бұған дейін «Астана» қызылордалық «Қайсар», түркістандық «Тұран» командаларын орта жолда қалдырса, «Ордабасы» Түркістан облысының «Мақтааралы» мен Петропавлдың «Қызылжарын» жеңді.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан ел біріншілігінде жазғы трансфер мерзімі басталғанын жазған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.