АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогының финалына берілген екінші жолдамаға Қостанайдың «Тобыл» командасы қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қостанайлық клуб жартылай финалдың екінші жұбында «Атыраудан» 1:0 есебімен басым түсті. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз голды «Тобыл» сапынан Иван Рогач 60-минутта соқты.
Екі команда арасындағы алғашқы ойында да қостанайлық команда 1:0 есебімен басым түскен еді.
Осылайша жартылай финалға берілген екінші жолдамаға «Тобыл» командасы қол жеткізді.
Ал бұдан бұрын Шымкенттің «Ордабасы» клубы елордалық «Астананы» (2:0, 0:1) қапы қалдырып кетті.
Енді финал 4 қараша күні өткізіледі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.