Футболдан Қазақстан кубогында «Тобыл» «Атырауды» қапы қалдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалында қостанайлық «Тобыл» «Атыраудан» басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында алаң иелері алғашқы минуттан жеңіске жету жолын іздеді. Десе де оған атыраулық команда ойыншылары лайықты қарсылық көрсетті.

Ойынның екінші кезеңінде «Тобыл» басымдықты арттыра түсті. Нәтижесінде 83-минутта Асмир Сульич мергендік танытты. Бұл гол қостанайлық клубқа жеңіс алып келді.

Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, бұған дейін «Тобыл» Павлодар облысының «Ақсу», Қарағандының «Шахтер», «Атырау» командасы «Ақтөбе», Алматының «Қайрат» командаларының осал тұсын тапты.

Еске салсақ, бұдан бұрын жартылай финалдағы тағы бір кездесуде «Астана» елордада «Ордабасыны» 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Енді қарымта ойын 8 шілдеге белгіленген.