НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2020 жылғы Қазақстан кубогы алғашқы кезеңін өткізуді кейінге шегерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі лиганың сайтына сілтеме жасап.
Бұл шешім COVID-19 коронавирус инфекциясының таралу қаупінің алдын алуға бағытталған. Сондықтан қазіргі таңда алғашқы кезеңді өткізу мәселесі талқылануда. Бұл Қазақстан футбол федерациясымен келісілгеннен кейін өз шешімін табады.
Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі 16-26 наурыз аралағында өткізілуі тиіс болатын. Оған бірінші және екінші лига командалары қатысады.
Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан футбол федерациясы спорттық іс-шараларды тоқтатты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.