ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогының ширек финал ойындары бүгін өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ширек финал ойындары елорда уақытымен 18.00-де «Каспий» мен «Астана», «Тараз» және «Шахтер» кездесулерімен басталады. Одан кейін 20.00-де «Тобол» мен «Қызыл-Жар», «Қайрат» пен «Қайсар» ойындары болады.
Айта кетерлігі, «Тараз» және «Шахтер». «Қайрат» пен «Қайсар» жарыстың аталған сатысындағы алғашқы ойынын өткізеді. Қарымта кездесу 27 қазанға белгіленген. Өзге екі жұпта бірінші ойынын 21 тамызда болды.
«Астана» және «Қайраттың» қатысуымен өтетін екі кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Еске салсақ, өткен аптаның демалыс күндерінде футболдан ел біріншілігінің 21-тур ойындары өтті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.