НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогы топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жеребе нәтижесі бойынша 16 команда төрт топқа бөлінді. Олардың 14-і Премьер-лигада сынға түсетін клубтар болса, жарыстың үш сатысында жеңімпаз атанған «Қайсар» мен «Жетісу» олардың қатарына қосылды.
Командалардың топтарға бөлінуі төмендегіше:
А тобы: «Ақсу», «Атырау», «Қайрат», «Ордабасы»;
В тобы: «Қайсар», «Ақжайық», «Каспий», «Қызылжар»;
С тобы: «Ақтөбе», «Мақтаарал», «Тараз», «Тобыл»;
D тобы: «Шахтер», «Тұран», «Жетісу», «Астана».
Биыл UEFA аясында өтетін жарыстарға «Тобыл», «Астана», «Қайрат» және «Қызылжар» командалары қатысады. Осыған байланысты және UEFA жарыстарының іріктеу ойындарының жеребе нәтижесіне сәйкес кубок ойындары күнтізбесінде өзгерістер болуы мүмкін.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан ел біріншілігінің он бірінші туры өткізілді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.