Футболдан Қазақстан құрамасы жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Kazinform.
Бұл кездесу наурыз айында УЕФА Ұлттар лигасы плей-офф сатысында Грекияға қарсы ойынға дайындық барысында болады.
Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев айтты.
«Алдағы ойынға жоспар құрып жатырмыз. Еліміздің барлық клубы ұлттық құрамаға көмектеседі деген үміттемін. Ақпан айында жолдастық ойын өткіземіз. Ұлттық құрама футболшылары бір апта бойы дайындықтан өтеді», - деді Адиев Qazsport телеарнасына берген сұхбатында.
Еске салсақ, Грекия - Қазақстан матчы Афиныда 21 наурызда өтеді. Жеңімпаз Еуропа чемпионаты жолдамасы үшін Грузия - Люксембург жұбындағы ең мықтымен ойнайды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.