Футболдан Қазақстан құрамасы алдағы ойындарға дайындығын бастады
АСТАНА. KAZINFORM – Бас бапкердің міндетін атқарушы Талғат Байсуфиновтің жетекшілігімен Қазақстан ұлттық құрамасы алдағы Лихтенштейн және Солтүстік Македонияға қарсы ойындарға дайындығын бастады.
Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.
Әзірге құрама толық құрамда жинала қойған жоқ. Негізгі құрам ойыншылары 6 қазанда келеді. Сондықтан алғашқы күндері жаттығу процесіне жастар құрамасынан бірқатар футболшылар уақытша тартылды. Футболшылардың нақты тізімі 5-6 қазан күндері белгілі болады.
Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»);
Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов, Сағадат Тұрсынбай (бәрі — «Ордабасы»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Александр Зуев, Наурызбек Жагоров (екеуі де — «Тобыл»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Еркін Тапалов, Александр Мрынский (екеуі де — «Қайрат»).
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі — «Елімай»), Муроджон Халматов, Эльхан Астанов (екеуі де — «Ордабасы»), Дамир Қасабулат («Қайрат»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Бактиер Зайнутдинов («Динамо Мәскеу», Ресей), Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман (екеуі де — «Жеңіс»), Серікжан Мужиков, Дәурен Жұмат (екеуі де — «Оқжетпес»), Айбол Әбікен («Қайсар»), Ислам Чесноков («Тобыл»).
Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Дастан Сатпаев («Қайрат»), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Алияр Мұхаммед («Оқжетпес»), Иван Свиридов («Елімай»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Артур Шушеначев («Ақтөбе»).
Еске салсақ, 10 қазанда Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Лихтенштейнді қабылдаса, 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы тағайындалды.