Футболдан Қазақстан құрамасы Беларусьпен жолдастық кездесу өткізеді

Фото: Фото: Қазақстан футбол федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан және Беларусь құрамаларының жолдастық кездесуі қашан өтетіні белгілі болды.

Бұл жөнінде қос елдің федерациялары өзара келісімге келді.

Кездесу 5 маусымда Беларусь астанасы — Минск қаласындағы «Динамо» ұлттық олимпиадалық стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 22:00–де басталады.

Қазірге дейін құрамалар өзара жеті ойын өткізген. Оның төртеуінде Беларусь құрамасы жеңсе, тағы екі матч тең есеппен аяқталып, біреуінде қазақстандық футболшылар басым түсті. 

2022 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының С дивизионында Қазақстан құрамасы бір кездесуде 1:1 есебімен тең түссе, тағы бірінде 2:1 есебімен тізе бүктірді.

2026 жылғы әлем чемпионатында J тобында Уэльске (1:3) жол беріп, Люксембургті (2:0) қапы қалдырды. Турнир кестесінде үш ұпаймен үшінші орында келеді.

Енді 10 маусымда өз алаңында Солтүстік Македонияны қабылдайды.