Футболдан Қазақстан құрамасы Лихтенштейнге қарсы ойын алдында жаттығу жасады

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА.KAZINFORM – Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы «Астана-Арена» стадионында 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңі аясында өтетін кезекті матч алдында жаттығу өткізді.

Бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы Талғат Байсуфинов БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізіп, алдағы ойын туралы пікір білдірді.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

- 1 қазаннан дайындық жұмыстарын бастадық. Біз дайынбыз. Қазіргі уақытта Дастан Сатпаев жарақат алып, алдағы ойынға қатыса алмайды. Ол ұлттық құраманың шақыруына келіп, толық медициналық тексеруден өтті. Жас шабуылшымыз демалу керек деген шешімге келдік. Сол себепті ол үйіне қайтты. Сонымен қатар тәжірибелі қорғаушы Сергей Малый жарақатына байланысты ертеңгі ойынға дайын емес. Алда Солтүстік Македониямен ойында алаңға оралады деген ұміттеміз, - деді Байсуфинов.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Бас бапкер жаттығудан кейін ертеңгі ойынға шығатын бастапқы құрам анықталатынын айтты.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Ұлттық құрама өз алаңында 10 қазанда Лихтенштейнді қабылдаса, 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македониямен шеберлік байқасады.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Сондай-ақ Футболдан Қазақстан құрамасының алдағы екі ойынға нақты тізімі жарияланған болатын.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform