АСТАНА. ҚазАқпарат - FIFA жариялаған жаңа рейтингте Қазақстан ұлттық құрамасы сегіз сатыға көтеріліп, 104-орынға жайғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясының (FIFA) жаңартылған рейтингі бүгін, 29 маусымда шықты. Қазақстан құрамасы жаңартылған рейтингте 8 сатыға көтеріліп, 104-орынға жайғасты.
Айта кетейік, қазақстандық футболшылар маусым айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында сырт алаңда Сан-Марино (3:0) және Солтүстік Ирландияны (1:0) қапы қалдырған еді.
Ел құрамасы сынға түсетін H тобында Дания -19, Финляндия -54, Словения -60, Солтүстік Ирландия - 64, Сан-Марино -211 орында тұр.
Жаңартылған рейтингте Аргентина көш басында тұрса, одан кейінгі орындарда Франция мен Бразилия келеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.