НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан құрамасы еліміздің легионерлер құрамасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған кездесуде ұлттық құрама ойыншылары қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.
Олардың қатарынан Асхат Тағыберген (5-минутта) және Оралхан Өміртаев (21-минутта) мергендігімен танылды.
Оған легионерлер сапынан Кирилл Сидоренко 60-минутта жалғыз голмен жауап қайырды.
Айта кетсек, Қазақстан құрамасы 24 және 29 наурызда Ұлттар лигасында өтпелі кездесуін Молдоваға қарсы өткізеді.
Алдымен қарсыластар алаңында шеберлік байқасса, одан кейін елордада тағы кездесу өткізеді.
Жеңімпаз құрама алдағы маусымда С лигасындағы орнын сақтап қалады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.