Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері бүгін белгілі болады
09:36, 24 Маусым 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Sports.kz сайтының хабарлауынша, 24 маусымда сағат 11:00-де футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкерін тағайындауға арналған баспасөз конференциясы өтеді.
Ол оралдық «Ақжайықтан» отставкаға кеткен белгілі қазақстандық маман Талғат Байсуфинов болуы мүмкін.