Қазақстандықтар алғашқы ойынын 2 тамызда алаң қожайындарымен, екінші ойынын 4 тамызда австриялықтармен, ал ақырғы кездесуін 7 тамызда әзірбайжандармен өткізеді.
Елисавета Тодорова баптайтын ұлттық құрама бұған дейін 21-24 мамырда Белоруссия футбол федерациясы Еуропа футбол қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырған «Даму» халықаралық турнирінде өз дайындығын сынаған болатын. Олар Минск қаласында Белоруссия құрамасына 1:4, Украина құрамасына 0:6, Ресей құрамасына 0:5 боп ұтылып, төртінші орынды қанағат тұтқан болатын. Бапкерлер кеңесі бұл сыннан қандай сабақ алғанын енді алдағы сайыста аңғаратын боламыз.