Бұл келісімге ҚФФ бас хатшысы Саян Хамитжанов пен Армения футбол федерациясының атқарушы директоры Армен Минасян арасындағы келіссөздерден кейін қол жеткізілді.
Бұған дейін Мирослав Беранек жаттықтыратын қазақстандық аяқдопшылар ақпан айының аяғында Түркияда Латвия құрамасымен жолдастық кездесуде 0:0 есебімен тең түскен еді. Енді Армениямен шеберлік байқаспақ.
Саян Хамитжановтың сөзіне қарағанда, олар бұл жолы қарсылас таңдағанда бас бапкердің пікірімен санасқан. ФИФА-ның 21 ақпанда жаңартылған рейтингісінде Армения 41-інші, ал Қазақстан 138-інші орында тұр.