Онда Талғат Байсуфинов жаттықтыратын қазақстандық аяқдопшылар қарсыластарын 3:1 есебімен ұтты. Бұл жерде болгар легионері Георги Даскалов дубльдің авторы атанса, Мұрат Тілешов жаңа маусымға дайындық кезіндегі алғашқы добын енгізді. Виталий Тараков баптайтын Беларусь аяқдопшылары бұған дейін 25 қаңтар күні Хольгер Фах тізгінін ұстаған Астананың «Локомотив» футбол клубынан 2:1 есебімен басым түскен болатын. Бұл олардың жаңа маусымдағы алғашқы оқу-жаттығу жиынындағы 2-жолдастық кездесуі болып отыр. Түркияның Лара қаласында 20 қаңтарда басталған бұл жиын бүгін аяқталмақ. Жалпы өткен маусымда «Минск» Беларусь чемпионатының қола жүлдегері болса, «Ертіс» пен «Локомотив» Қазақстан чемпионатында 3-4-орындарды өзара бөліскен еді.
15:35, 31 Қаңтар 2011
Футболдан Қазақстан мен Беларусь чемпионатының қола жүлдегерлері арасындағы жолдастық кездесу 3:1 есебімен аяқталды
АЛМАТЫ. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Түркияда Павлодардың "Ертіс" және Минскінің "Минск" футбол клубтары жолдастық кездесу өткізді.