13:32, 22 Наурыз 2009
Футболдан Қазақстан мен Беларус құрамаларының кездесуіне чехиялық төрешілер қазылық жасайды
АЛМАТЫ. Наурыздың 22-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Футболдан 2010 жылы Оңтүстік Африкада өтетін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өнер көрсетіп жатқан Қазақстан мен Беларус құрамаларының сәуірдің 1-і күні Алматыда өтетін кездесуіне чехиялық төрешілер қазылық жасайтын болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап. Орталық стадионда өтетін бұл ойынның бас төрешісі Иржи Чех болады, алаң жиегінде оған Иво Чытил, Мартин Вечера және Ян Джилектер көмектеспек. Бұл кездесудің инспекторлығына неміс Вилфред Хейтман тағайындалса, делегат болып польшалық Станислав Шпечик бекітілді. Соңғы дайындықты бүгін Алматыда бастайтын Қазақстан құрамасына бас бапкер Бернд Шторк қақпашылардан - Давид Лория, Александр Мокин мен Мұрат Мұкашевты, қорғаушылардан - Самат Смақов, Александр Киров, Юрий Логвиненко, Ренат Абдулин, Фархадбек Ирисметов, Александр Кислицын пен Илья Воротниковты, жартылай қорғаушылардан - Руслан Балтиев, Азат Нұрғалиев, Сабырхан Ибраев, Сергей Скорых, Андрей Карпович, Жамбыл Көкеев, Вячеслав Эрбес пен Ұлан Қонысбаевты, шабуылшылардан - Нұрбол Жұмасқалиев, Мұрат Тілешев, Таңат Нөсербаев, Ерзат Кенбаев пен Сергей Остапенконы шақыртты. Ал Беларус құрамасының бас бапкері Бернд Штанге қақпашылардан - Юрий Жевнов, Сергей Веремко мен Павел Чесновскийді, қорғаушылардан - Максим Бордачев, Дмитрий Верховцев, Владимир Корытько, Сергей Сосновский, Игорь Шитов пен Александр Юревичті, жартылай қопрғаушылардан -
Александр Глеб, Тимофей Калачев, Николай Кашевский, Александр Кульчий,
Виталий Кутузов, Рудик Филипп пен Игорь Стасевичті, шабуылшылардан -
Леонид Ковель, Виталий Родионов, Геннадий Близнюк, Виталий Булыга мен Сергей Корниленконы өз командасына тартып отыр.