Осыған орай қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және қала халқы мен қонақтардың ойынды тамашалауына қолайлы жағдай туғызу мақсатында Астана қалалық ІІД қызметкерлері күшейтілген режімде жұмыс атқару жүйесіне көшеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін Астана қалалық ІІД-де өткен баспасөз мәслихатында «осы іс-шараға 2 мыңнан астам полиция қызметкері мен 70 автокөлік жұмылдырылады. Ал азаматтардың стадионға өтуіне ыңғайлы болуы үшін 1500 турникет қойылмақ. Сонымен қатар, стадион ішінде де полиция қызметкерлерінің жаяу патрулі мен бақылау бекеттері болады. Спортшылар мен әділқазылар тұратын жерлер тәулік бойына күзетіледі», деді тіл саясаты және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз.
Оның айтуына қарағанда, осы күні Жол полиция басқармасының қызметкерлері «Астана Арена» маңындағы жол қауіпсіздігін сақтауды басты назарда ұстайды.