Өзбекстандық төрешілер қазылық еткен ойында алғашқы доп кездесудің 2-минутында қонақтар қақпасына соғылды. Алаң қожайындары қатарынан команда капитаны, қорғаушы Қайрат Нұрдәулетов ашқан есепті 11-минутта шабуылшы Дәуренбек Тәжімбетов еселей түсті. Мұрат Жұмакеев жаттықтыратын Қырғызстан құрамасы он бес минуттан кейін есепті қысқартқан. Алайда Д. Тәжімбетов 30-минутта екінші рет мергендік танытты. 34-минутта қонақтар екінші рет есепті екінші рет қысқартып, алғашқы таймда командалар 3:2 көрсеткішпен тарасқан еді. Ойынның екінші бөлігінде Қ.Нұрдәулетов (54 минут) пенальтиден ұпай айырмасын қайта ұлғайтып, кездесудің соңғы минуттарында Д.Тәжімбетов өзінің үшінші добын енгізіп, ойынның соңғы нүстесін қойды. Қорытынды есеп 5:2 боя аяқталды.
Бұл Мирослав Беренек жаттықтыратын Қазақстан аяқдопшыларының төртінші жеңісі. Бұған дейін бауырлас екі елдің аяқдопшылары соңғы рет 2006 6 шілдеде кездескен еді. Ал Тәуелсіздік кезеңінде ұйымдастырылған тұңғыш жолдастық кездесуі 1992 жылы 26қыркүйекте Бішкекте өтіп, есеп 1:1 есебімен аяқталған болатын.
Биылғы маусымдағы келесі жолдастық кездесуін Қазақстан құрамасы енді 5 маусым күні сырт алаңда өткізеді. Ереванда олар Армениямен күш сынаспақ.