ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан суперкубогы 2 наурызда елордада «Астана Арена» стадионында өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы мәлім етті.
2022 жылғы наурыз айында ойындар күнтізбесінің тығыздығына байланысты клубтармен келісім бойынша Суперкубок үшін таласты классикалық түрде бір ойынынан өткізу туралы шешім қабылданды.
«Жаңа маусымда аталмыш жүлдені үшін өткен маусымның чемпионы қостанайлық «Тобыл» мен кубок иегері алматылық «Қайрат» сарапқа салады. Ойынның басталу уақыты туралы ақпарат кейін хабарланады», - деп мәлім етті Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан құрамасы қарсыласынан басым түскені хабарланды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.