Қазақстандық футболшылар бесінші топта сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Украина, Румыния және Солтүстік Ирландия.
Отандастарымыз алғашқы кездесуде Румынияны 2:0 есебімен жеңіп, финалдық кезеңге шығуға мүмкіндігін арттыра түскен еді. Дегенмен бұл жолы олар жанкүйер көңілінен шығатын көрсеткішке қол жеткізе алған жоқ.
Бүгінгі ойын барысында олар қарсыласына 0:3 есебімен жеңіліп, құрлықтық доданың келесі кезеңіне шығудан шет қалып қойды.
Енді олар 31 наурызда Солтүстік Ирландияға қарсы ойын өткізеді.
Іріктеу кезеңінің матчтары 2026 жылдың 25-31 наурызы аралығында Румынияда өтеді. Әр топтың жеңімпазы 2026 жылдың 28 маусымы мен 11 шілдесі аралығында Уэльсте өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.
Айта кетсек, Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы екінші іріктеу кезеңінде Ирландияны 1:0 есебімен жеңіп, Кипрмен 1:1 есебімен тең түссе, Нидерландқа 1:2 есебімен есе жіберді.
Нәтижесінде өз тобында екінші орынға табан тіреп, элиталық кезеңге жолдама алған еді.
Сондай-ақ бүгін еліміздің 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Данияға 0:3 есебімен есе жіберді.
Олар бұдан бұрын Аустриямен 0:0 есебімен тең түсті. Енді отандастарымыз 31 наурызда Чехиямен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, олар Хорватияда футболдан 17 жасқа дейінгілер арасында өткен екінші іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы өз тобында бірінші орынға ие болып, элиталық кезеңге шыққан еді.