Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына алдағы екі ойынға кімдер шақырту алды

Фото: Фото: ҚФФ

АСТАНА. KAZINFORM – Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев алдағы екі ойынға қатысатын ойыншылардың нақты тізімін жариялады.

Ұлттық құрама 5 маусымда Беларусьпен жолдастық кездесу өткізсе, 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі кезекті ойынында 9 маусымда Солтүстік Македониямен шеберлік байқасады. 

Құрамға 27 ойыншы енді. Оқу-жаттығу жиыны 31 мамырда Астанада басталады.

Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Қайрат»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);

Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Ян Вороговский, Марат Быстров (екеуі де – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранкулов, Александр Зуев, Наурызбек Жагоров (бәрі – «Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Ислам Чесноков (екеуі де – «Тобыл»), Серікжан Мужиков («Елімай»), Ғалымжан Кенжебек («Кошице», Словакия), Дәурен Жұмат («Оқжетпес»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Георгий Жуков («Пуща», Польша), Муроджон Халматов («Ордабасы»);

Шабуылшылар: Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Алияр Мұхамед («Оқжетпес»).

Еске сала кетейік, бұған дейін футболдан Қазақстанның 17 жасқа дейінгі қыздар құрамасы Қырғызстаннан басым түскенін жазған едік.