Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда легионерлер құрамымен жолдастық кездесу өткізеді
Қазақстан футбол федерациясының сайтында Құрама командалар департаментінің директоры Владимир Нидергаус: «Бұл Әлем чемпионатына іріктеу додасының алдындағы соңғы сынақ. Сондықтан, ойын мәнері Еуропа футболына ұқсайтын команда керек болды. Осы орайда Қазақстан чемпионатындағы легионерлерден құралған жасақпен матч өткізуді ұйғардық. Тамаша футболшылар жинақталды. Көбісі еуропалықтар. Олардың бас бапкері ретінде Виктор Кумыковтың кандидатурасы бекер таңдалған жоқ. Ол ел чемпионы, легионер маман. Кумыковтың командасы Қазақстан ұлттық құрамасына нағыз лайықты қарсылас болатынына сенімдімін», - деген болатын.
Қарағандының «Шахтер» футбол командасының бас бапкері В. Кумыков легионерлер құрамаса үміткерлердің есімдерін жариялап отыр. Олар қақпашы - Ненад Эрич (Сербия, «Астана»), Неманья Джоджо (Сербия, Қайсар»). Қорғаушылар: Эндри Мвесигва (Уганда, «Ордабасы» ), Алдин Джидич, Никола Василевич (Босния және Герцеговина, «Шахтер») Ерсин Мехмедович (Сербия, «Тараз»), Маркес де Соуза (Бразилия, «Тобыл»), Мохамед Арби Арури (Тунис, «Ордабасы»), Димитрия Лазаревски (Македония, «Астана»). Жартылай қорғаушылар: Сергей Ковальчук (Молдова, «Ақтөбе»), Гедиминас Вичюс (Литва, «Шахтер»), Хенао Роджер Каньяс (Колумбия, «Шахтер»), Йосип Кнежевич (Хорватия, «Қайрат» ), Марат Бикмаев (Өзбекстан, «Ақтөбе»), Фокси Кетевоама (ОАР, «Астана»). Шабуылшылар: Александр Гейнрих (Өзбекстан, «Ақтөбе»), Ұлықбек Бақаев (Өзбекстан, «Ертіс»), Игорь Зенькович (Белоруссия, «Ақжайық»), Эдин Юнузович (Хорватия, «Жетісу»).