АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Беларусь астанасы Минск қаласында өтіп жатқан «Даму Кубогын» жеңіспен бастады.
В тобындағы алғашқы ойында бас бапкер Бауыржан Сағындықтың шәкірттері Иран жасөспірімдер құрамасын 2:0 есебімен жеңді.
Ел құрамасынан Абылай Төлеухан мен Дәулет Орынбасар мершендік танытты.
Енді қазақстандық футболшылар 17 ақпанда Ресеймен кездессе, 19 ақпанда Әзербайжанмен жасыл алаңға шығады.
Сондай-ақ аталған турнирде А тобында Беларусь, Өзбекстан, Әзербайжан құрамалары және BSA Academy командасы сынға түседі.
Халықаралық турнир 21 ақпанда мәресіне жетеді.
Еске салсақ, футболдан Қазақстан чемпионаты 1 наурыз күні басталады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.