АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан еліміздің 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне Бауыржан Сағындық тағайындалды.
36 жастағы маман кәсіби футболшы ретінде «Ертіс», «Энергетик-2», «Намыс», «Астана-1964» және «Гефест» командаларында ойын көрсетті.
Жаттықтырушы мансабын 2009 жылы «Ертіс» жастар командасында бастаған. 2017-2018 жылдары «Ертіс» клубында жастар футболын дамыту бағдарламасының басшысы қызметін атқарды.
Сондай-ақ Бауыржан Сағындық «Жұлдыз» және «Ақсу» футбол орталықтарында жұмыс істеді. 2017-2018 жылдары Қазақстан 20 жасқа дейінгі жастар құрамасында бапкерлер штабында жұмыс атқарды.
2022 жылы ол «Ақсу» футбол клубында бас бапкердің көмекшісі болды.
Еске салсақ, футболдан UEFA Ұлттар лигасының жеребесі 8 ақпанда тартылады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.