Футболдан Қазақстан жастар құрамасы алдағы ойындарға дайындығын бастады

Фото: ҚФФ

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Қазақстан жастар құрамасы алдағы үш ойынға оқу-жаттығу жиынын бастады.

Қазақстандық жастар 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Андорраға қарсы матч өткізеді. Одан кейін оларды Өзбекстан жастар құрамасымен екі жолдастық кездесу күтіп тұр.

Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Денис Мамонов бұл ойындарда жасыл алаңға шығатын футболшылар тізімін жариялады.

Жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны 3 қазанда Алматы қаласында басталады. Тізімге 24 ойыншы енді.

Қақпашылар: Мирас Рихард («Ертіс»), Дулат Талыспаев («Кеге», Дания), Әбілқайыр Әлиакбар («Алтай»).

Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров («Жетісу»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік академиясы»), Темірлан Мырзағалиев («Қайсар»), Никита Губарев («Қайсар»), Бахтияр Төлеуов («Ертіс»), Рамазан Кәрімов («Жетісу»), Александр Мрынский («Қайрат»), Әлихан Серікбай («Каспий»).
Жартылай қорғаушылар: Давид Есімбеков («Жетісу»), Олжас Байбек («Қайрат»), Әбинұр Нұрымбет («Ертіс»), Вячеслав Раскатов («Каспий»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Тамерлан Ағыманов («Ертіс»), Аян Байдәулетов («Ақтөбе»), Жансұлтан Мұхаметханов («Жетісу»).
Шабуылшылар: Глеб Валгушев («Қызыл-Жар»), Сэйф Попов («Алтай»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбаев («Оңтүстік академиясы»), Рамазан Бағдат («Қайрат»).
Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін Андорра құрамасына қарсы матчта жеңіспен бастады. Ал екінші ойында Англия құрамасына есе жіберді.

Іріктеу кезеңінің үшінші ойыны 9 қазанда Андоррада өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 22:30–да басталады. Артынша 12 және 14 қазан күндері Ташкент қаласында Қазақстан мен Өзбекстан жастар құрамалары арасында екі жолдастық ойын жоспарланған.

Еске салсақ, 2027 жылы 20 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы (U-20) әлем чемпионаты Өзбекстан мен Әзербайжанда өтеді.