НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы Қырғызстан олимпиадалық құрамасынан жолдастық кездесуде басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесу барысында қос құрама бір-біріне тегеурінді қарсылық көрсетті. Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.
Екінші кезеңде қазақстандық Арсен Буранчиев 54-минутта есеп ашса, 89-минутта Мирас Тұрлыбек қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша Қазақстан жастары қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.
Еске салсақ, бұл қазақстандық футболшылардың Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің кезекті ойыны алдындағы дайындығы болмақ.
Жастарымыз іріктеу турнирінде I тобында Бельгия, Дания, Шотландия және Түркиямен сынға түсуде.
Енді олар 29 наурызда Шотландия жастарымен кездеседі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.