НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан және Армения жастар құрамалары жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған кездесуге қазақстандық құраманың аға бапкері Вахид Масудов төмендегі ойыншыларды алғашқы минуттан жасыл алаңға шығарды: Данила Карпиков (қақпашы), Бауыржан Рахмет, Даврон Закиров, Олжас Әділ, Әлихан Өтешев, Әмір Тілеубеков, Мұқағали Паңгерей, Әли Тұрғанов, Вадим Яковлев, Муроджон Халматов, Абзал Қалау (капитан).
Кездесудің бірінші кезеңінде есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңде армениялық футболшылар алға шықты.
Оны 52-минутта Араик Элоян өзінің еншісіне жазды. Бұдан кейін таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.
Қазақстан жастары қарсыласына 0:1 есебімен есе жіберіп қойды.
Енді екі құрама 16 ақпанда Армения астанасы Ереванда тағы бір мәрте шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан суперкубогы 2 наурызда елордада өтетіні хабарланды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.