АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан еліміздің 18 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер және жастар құрамалары Молдовада жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл ойындар 14-19 маусым аралығына жоспарланған.
Құрамалар алдымен Талғар базасында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді.
Әрі қарай Молдова жасөспірімдер құрамасы және «Шериф» жастар командасымен жолдастық матч өткізу үшін Тираспольге жол тартады.
Еске сала кетейік, бүгін UEFA Чемпиондар лигасының финалы болады.
Бұдан бұрын испаниялық «Севилья» UEFA Еуропа лигасында жеңімпаз атанғанын хабарлаған едік.
Сондай-ақ, «Вест Хэм Юнайтед» футболдан UEFA Конференция лигасында үздік болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.