Екінші топта өнер көрсететін Қазақстан құрамасы Ирландияда Грекия футболшыларынан 0:3 есебімен жеңіліс тапты. Ал ирландықтармен 2:0 есебімен тең түскен алаң қожайындары бұл топтың жеңімпазы атанды. 3 матчтың қорытындысы бойынша өз тобында үздік шыққан Австрия, Дания, Швеция, Финляндия, Ресей, Нидерланды, Польша, Шотландия, Франция, Бельгия және Швейцария командалары жарыстың элиталық раундына шықты. Германия, Англия, Испания тікелей элиталық раундқа жолдама алса, жарыс қожайыны болатын Норвегия ақтық турнирдің тікелей жолдамасын иеленіп отыр.
16:55, 27 Қыркүйек 2013
Футболдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі қыздар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу матчында грекиялық құрдастарына есе жіберді
АЛМАТЫ. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Кеше 19 жасқа дейінгі қыздар арасында футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу матчтары өтті.