Бірінші таймда Олеся Железяктің қақпасына бес доп түсті, оларды Катарина Шихтль, Николь Билла, Ферена Ашауэр, Сара Цадрациль және Нина Бургер соқты. Үзілістен кейін Олеся Железякті Мәдина Шойкина ауыстырды. Қонақтар белсендірек қимылдай бастады, ал алаң қожайындары екпінін бәсеңдетті, қорытындысында Бегайым Қырғызбаева бір доппен жауап қайырды, алайда ойын қорытындысын Билла түйіндеді.
Осы жеңілістен кейін Қазақстан есебінде бес ойыннан бір ұпай бар және 8-ші топта соңғы орында тұр. 2 маусымда қазақстандық қыздар Шымкентте Израильды қабылдайды.