деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бронницахтағы Ресей құрамасының базасында қазанның 16-сында басталған қазақстандық аяқ допшылардың бұл жиыны қазанның 25-іне дейін созылады. Онда Павел Родненоктың тәлімгерлері кеше жастар командалары арасындағы Ресей Премьер-Лигасында өнер көрсетіп жүрген Раменскогоның «Сатурн» футбол командасының қосалқы құрамымен кездесті. Онда ойынның 68 минутында Павлодардың «Ертіс» командасының жартылай қорғаушысы Никита Глазков құрамаға жеңіс сыйлады. Енді олар «Сатурнның» фарм-клубы мен Сыроешкин атындағы дарынды балаларға арналған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің футболшыларымен де спаррингтік кездесулер өткізбек. Одан кейін П.Родненоктың жетекшілігімен жас футболшылар қарашаның 13-18-і күндері Бельгияда Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ойындарға қатысады. Олардың өз тобындағы қарсыласы - Бельгия, Норвегия және Андорра құрамалары болмақ.