Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы Германиядағы халықаралық турнирге қатысуда

АЛМАТЫ. 12 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Германияның Дуйсбург қаласына футболдан халықаралық турнир басталды.

Неміс футбол одағы ұйымдастырған бұл жарыста ел намысын Қазақстанның 18 жасқа дейінгі жастар құрамасы қорғауда. 22 команда қатысып жатқан бәсекенің ақтық сыны 17 қазанда өтеді. «Бавария», Вердер», «Гамбург» сияқты футбол клубтарының жастары бақ сынайтын бәсекеде аға бапкер Михайл Соловьев 19 аяқдопшыға үміт артуда. Олар қақпашылар - Тимурбек Зәкіров («Бәйтерек» Астана) пен Дмитрий Колбунцов («Спартак» Семей); қорғаушылар - Әділет Кеңесбек («Тараз»); Ислам Иминов («Қайрат» Алматы); Ерасыл Сейітқанов («Іле-Сәулет» Өтеген Батыр); Михаил Харун-Заде («Қайрат» Алматы), Юрий Кустов («Шахтер» Қарағанды); жартылай қорғаушылар - Айбол Жахаев («Ордабасы» Шымкент); Асан Ғаниев («Қайрат» Алматы); Руслан Чеусов («Ақбұлақ»); Рамис Мұқанов («Тобыл» Қостанай); Ибрагим Әріпов («Қайрат» Алматы); Нұржігіт Сматов («Қайрат» Алматы); Далер Қәбденов («Қайрат» Алматы) және шабуылшылар - Рустам Сахибов («Қайсар» Қызылорда); Дидар Жалмұқан («Ақтөбе»); Максим Федин («Ертіс» Павлодар), Тимур Рымбаев («Шахтер).